Бүгін Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туроператорлармен, бизнесмендермен, Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы АҚ және Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында министр сала өкілдерімен Қазақстанда жаңа туристік бағыттарды құру және жайластыру мәселелерін талқылады.