Талдықорған қаласы маңындағы саяжайларда қордаланған мәселе көп. Соның ішінде ауыз су, газ, электр желісі, жол инфрақұрылымдарының болмауы, мектеп пен дәрігерлік амбулатория қажеттігі тұрғындарды жиі мазалайды. Осы және өзге де сұрақтар бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың облыс орталығы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.