Түркістанға Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай қарсы алып, екіжақты байланысты нығайту жөніндегі пікір алмасты. Кездесуге елшімен бірге Финляндияның кәсіпкерлері мен атақты компанияларының еліміздегі бірнеше өкілі қатысты.