Алматыда қала шетінде алты саябақ салынады, олардың басым бөлігі Алатау ауданында (Зерделі, Боралдай, Саялы, Өжет шағын аудандары),  сондай-ақ Медеу (Алатау ш.а) және Наурызбай аудандарында (Қарғалы жағалауының бойында) ашылады. Жаңа саябақтар балалар және спорт алаңдарымен, рекреациялық аймақтармен жабдықталады. Қаланы көгалдандыру бойынша жоспарлар мен проблемалық мәселелер БАҚ-қа арналған баспасөз туры барысында айтылды.