Жұма күні, 6 мамырда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Үкімет басшысы өңірде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, әлеуметтік және өндірістік нысандар құрылысымен танысады, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.