Қала басшысы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аты аңызға айналған актер, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті 85 жылдық мерейтойымен құттықтады. Алматы әкімі әртіске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің құттықтауын жеткізді. Асанәлі Әшімов құттықтаулар мен ізгі тілектерді жақындарының ортасында қабылдады.