Алматы облысында құрылыс материалдарын өндіретін 5 жаңа кәсіпорын ашылады. Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев «ТК «Газоблок» компаниясы мен «Алмпласт» ЖШС басшыларымен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.