2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері 5% - ға, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 4% - ға өсті. Төлемдердің жиынтық мөлшері өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 9% - ға артты.