Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушыларды Дүниежүзілік гимназиадаға шығарып салды. Жарыс 14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандиясында өтеді. Білім және ғылым министрі де жас спортшыларға қолдау көрсетіп, жылы лебізін білдіру үшін әуежайға барды.