Қазақстан мен Өзбекстанның арнайы өкілдері - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрі Жәмшид Ходжаев келіссөздер жүргізді. Кездесу өткен аптада телефонмен сөйлесудің қорытындысы бойынша екі Мемлекет басшылары берген тапсырмаларды іске асыру мақсатында өтті.