ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдерінің қозғалысы өкілдерімен 4 кездесу өткізді. Белсенді топ өкілдері зейнет жасын төмендетуге байланысты өздерінің ұсынысын жеткізді, оларды ҚР ЕХӘҚМ жанындағы арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерделейтін болады.