ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Сапар барысында Үкімет басшысы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік объектілердің қызметімен танысады, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездеседі, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.