Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация БҰҰ штаб-пәтерінде өткен «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: іс-қимылға шақыру» министрлік конференциясына қатысты. Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Германия, Италия, Пәкістан, Румыния, Түркия Сыртқы істер министрлері және БҰҰ-ға мүше 30 елдің өкілдері, сондай-ақ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы халықаралық ұйымдар басшылары қатысты.