Қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында «Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті. Шараны Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының қолдауымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.