Нұр-Сұлтанда Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы делегациясының мүшелерімен кездесті. Олар ТүркПА-ның экономика мәселелері жөніндегі комиссиясының IX отырысына қатысу үшін Елордаға келді. Халықаралық іс-шараның басты тақырыбы «Пандемиядан кейінгі экономика: ШОБ-ты мемлекеттік қолдау».