Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Тегеранға жұмыс сапарымен барып, оның барысында Иранның Сыртқы істер министрлігінде бірқатар кездесулер өткізді және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері орынбасарларының отырысына қатысты.