Білім және ғылым министрі 2022 жылғы түлектерді мектеп бітіруімен құттықтады. Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы №75 мектеп-гимназиясына барып, соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты сапқа қатысты. Ол түлектерді мектеп бітіру күнімен құттықтап, педагогтерге еңбектері және ата-аналарға балаларға көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты.