Ү.ж. 26 мамырында Орталық референдум комиссиясында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен офлайн және онлайн режимде азаматтарды алдағы референдум туралы ақпараттандыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Отырысқа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, әкімдіктердің, барлық өңірлердің аумақтық комиссияларының басшылығы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.