Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Еуропалық Одақтың және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), Білім және ғылым министрлігінің (балалар құқықтарын қорғау комитеті) және ішкі істер министрлігінің «Көші-қон процестерінде балаларды қорғау» бірлескен жобасы шеңберінде 1273 бала туу туралы құжат алып, білім беру және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алды.