Қазіргі уақытта сапалы сумен жабдықтау жүйесіне қол жетімділік облыс халқының 97% бар, оның ішінде: қала тұрғындары – 95%, ауылды елді мекендерде – 89,3%. Өңірдің 177 елді мекенін сумен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін ауқымды жұмыс жоспарланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақммола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.