Алматыда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Штаб отырысына ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері-Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қатысты.