Қайғылы қаңтар оқиғаларының себептерін, террористік актілер мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларды анықтау және тергеумен арнайы прокурорлар жетекшілігімен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары айналысуда. Өкілеттікті асыра пайдалану және тергеу мен анықтаудың рұқсат етілмеген әдістеріне азаматтардың шағымдары бойынша тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері, жекелеген жағдайларда – арнайы прокурорлар жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев мәлім етті.
Полиция қаңтар айындағы оқиғалар бойынша барлығы 4 642 қылмыстық іс қозғады
Тегтер:
сот төрелігі