Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігі уәкілетті орган ретінде медициналық сақтандыру қорымен және басқа да мүдделі ведомстволармен және ұйымдармен бірлесіп, халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша қосымша шаралар әзірлеуде. Бұл туралы «КП» - ға берген сұхбатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтып берді.