ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының телемедицинаны дамыту, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, деректерді жинаудың заманауи технологияларын енгізу, медициналық бейнелерді сақтауды орталықтандыру және жасанды интеллекті  енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселесін талқылады. Бұл туралы Цифрлық ведомство басшысы Бағдат Мусин өзінің  Instagram парақшасында мәлімдеді.