Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қызылорда облыстық прокуратурасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарымен бірлесіп, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС қатысты жүргізілген тексеру нәтижесінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану заң бұзушылықтары анықталды.