ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында белсенді жастармен, еріктілермен, жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесу өткізді. Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде ведомство іске асырып жатқан жас мамандарды жұмыспен қамту және жастарды қолдаудың басқа да шаралары туралы айтты.