ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістанға жұмыс сапары барысында «Turkestan Textile» БК» ЖШС тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті. Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтып берді.