Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тиісті заңға қол қойылды. Енді Республика күні Ұлттық мерекелер тізіміне енгізілді.