Қазақстанның елордасы Астана қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен отбасын қолдау орталықтарының жұмысы мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмысы, медициналық-әлеуметтік мекемелерді институттандырудан шығару, отбасын қолдау орталықтарының қызметі және олардың жұмысында Отбасының цифрлық картасын пайдалану мәселелері қаралды.