2022 жылы 26 қазанда бейне-конференция форматында құрамына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы кіретін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (бұдан әрі – Кеңес, СЖҚІМАК) 7-отырысы өтті. СЖҚІМАК өз қызметінде ТМД мемлекеттері Басшыларының Кеңесіне есеп береді.