Еліміздің бас қаласының экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру, су ресурстарының жай-күйі, қалдықтармен жұмыс істеу, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және орман шаруашылығын дамыту туралы елорда тұрғындарымен кездесу барысында Экология министрі Серікқали Брекешев баяндады.