Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Астана қаласында өткен «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» HR форумында баяндады. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, HR саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, Түркия, Оңтүстік Корея, БАЭ, Мажарстан, Әзірбайжан және де Орталық Азия елдерінің делегаттары қатысты.