Жүйелі реформа және полиция жұмысының сервистік моделін енгізу аясында Мемлекет басшысы Алматы қаласының барлық аудандарында сервистік орталықтарды ашуды тапсырды.  Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен қала әкімі Ерболат Досаев Полиция департаментінде қоғам белсенділерімен сервистік орталықтарды ашу бойынша жобаны талқылады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.