Базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оның ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% - дан 60% - ға дейін ұлғаюына байланысты артты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.