2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларын проактивті тағайындау үшін жұмыс режимінде Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) іске қосылды. ОЦК «Smart Data Ukimet» аналитикалық жүйесімен интеграцияланған, ол жүйеде мемлекеттік органдардың барлық дерекқоры жинақталған. Онда табыс деңгейі, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің болуы, отбасы құрамы, кредиттің болуы және т. б. сияқты әртүрлі ақпарат қамтылған.