Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қосымша қанша қаражат қажет екенін анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.