Көшпелі кеңес Жамбыл облысында өтті. Іс-шараға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, АШМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Кездесуге шаруа қожалықтарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және Жамбыл облысына қарасты Жамбыл және Байзақ аудандарының тұрғындары шақырылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.