Жиналыс барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарында ОЦК жұмыс режимінде іске қосылғаны туралы хабардар етті. Онда отбасының әл-ауқатының деңгейін анықтайтын 80 критерий ұсынылған, оның көмегімен азаматтарға қандай көмек қажет екені анықталады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.