Мемлекет басшысының жол саласын реформалау жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен бірлесіп, техникалық кеңестің бірінші отырысын өткізді. Отырыс барысында жаңадан құрылатын технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасына енгізуге үміткер инновациялар қаралды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.