Елордада «Серіктестік – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы» тақырыбында халықаралық форум өтті. Шараны ІІМ Қазақстандағы Фридрих Эберт қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Оған мемлекеттік органдардың, ғылыми топтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.