Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының келіссөздері өтті. Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Өзбекстан Республикасының делегациясын Көлік министрінің орынбасары Жасүрбек Хориев басқарды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.