Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде биыл 1 қаңтардан бастап 43 мыңнан астам адамға проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсету үшін SMS-хабарлама жіберілді. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 5,3 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.