«Бизнеске жол» жобасын іске асыру басталғаннан бері жерді жалға алу мәселелеріне қатысты 70 жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды. ШОБ субъектілерінің айтуынша, олар жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарту кезінде тұрақты түрде кедергілер мен негізсіз бас тартуларға тап болған, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.