Астанада ауданы 38 мың шаршы метр OZON электрондық маркетплейсінің фулфилмент орталығы Қазақстандағы алғашқы орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілі Андрей Бабко, OZON өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.