Азаматтардың құжаттарын (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі және т. б.), оның отбасын (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтитын, бәріне ұнайтын цифрлық құжаттар сервисінде тағы бір құжат (басқа құжаттар бөілімінде) пайда болды. Енді әрбір азаматқа көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі қолжетімді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.