ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Жетісу облысына іссапармен барып, алдымен Талдықорғанды «Қорғас» шекаралық аймағымен байланыстыратын «Сарыөзек – Көктал» республикалық автожолының жағдайымен танысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.