Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлу жөніндегі бірінші ағымның қорытындысы бойынша 2 169 грант берілді. Бірінші ағым аясында барлығы 2 577 грант беріледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.