Көбіне соттан тыс банкроттық рәсімі танымал. Дәл осы рәсім бойынша 35 мыңнан астам арыз келіп түскен, бірақ олардың тек 30% ғана ұсынылған критерийлерге сәйкес келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.