2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі $28 млрд-ты құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7%-ға артық ($23,8 млрд). Сондай-ақ бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $28,9 млрд болған, деп хабарлайды Primeminister.kz.