2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 63 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 46,1 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.